Skip to content

9–10 сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы топтық төбелес, қылмыс пен…

9–10 сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы топтық төбелес, қылмыс пен құқық бұзушылықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу және болдырмау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сабағы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болды.

Сабаққа арнайы Ақтау қаласы ПБ ҚҚб ЮПБ бастығы, полиция подполковнигі Азанов Мақсат және полиция лейтенанты Есетов Ғалымжан қатысып, оқушыларға маңызды мәліметтер берді. Мамандар жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестің, буллинг пен кибербуллингтің зияны туралы түсіндіріп, заң алдындағы жауапкершілік жайында айтты.