8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектепте ерекше мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталған шара 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтіп, аяулы аналар мен ұстаздарға арналған әсерлі кешке айналды. 🌷
Концерт барысында оқушылар жүрекжарды өлеңдер оқып, әсем әндер орындап, көріністер қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір өнер нөмірі аналарға деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілікті білдіріп, мерекенің мәнін арттыра түсті.
11-сынып оқушылары бұл кештің жоғары деңгейде өтуіне ерекше дайындалып, ұйымдастыру жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқарды. Шара барысында аналар мен ұстаздарға жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
@aktau.bilim_bolimi #келешекмектептері #8наурыз #11сыныптар
