8 «Г» сыныбында Наурыз мерекесіне орай сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында оқушылар Наурыз мейрамының маңызы мен ұлттық дәстүрлер туралы айтып, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.


