5 “В” сыныбында «Жігітке жеті өнер де аз» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Жанбозова Нұрбала.
Сынып сағаты барысында оқушылар топпен бірігіп әртүрлі тапсырмаларды орындап, ұйымшылдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, жеке сайыс ретінде қол күрес ұйымдастырылып, оқушылар өз күштерін сынады. Шара соңында белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.
Аталған сынып сағаты оқушыларды жан-жақты болуға, өнер мен білімге қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.
#сыныпсағаты #келешекмектептері
