2026 жылдың 1 наурыз күні республикалық «Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбындағы III форум аясында қатысушылар Ақтау қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектебінде болып, білім беру ұйымының жұмысымен танысты.
Шара барысында қонақтар мектептің тыныс-тіршілігіне шолу жасап, заманауи білім беру бағытындағы тәжірибелермен бөлісті. Алғашқы бөлімде мектеп басшысы қонақтарды қарсы алып, оқу орнының негізгі жетістіктері мен даму бағытын таныстырды.
Одан әрі «Әр бала – ерекше, әр бала – маңызды» тақырыбындағы инклюзивті кабинет таныстырылып, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жүргізілетін жұмыстар көрсетілді. «Тамыры терең тәрбие – ағаш үйден бастау алады» бағыты арқылы ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмыстары ұсынылды.
Сонымен қатар мектептегі хореография бағыты таныстырылып, өнер мен дамудың үйлесімі көрсетілді. Шара соңында қонақтар мектеп кітапханасының жұмысымен танысып, оның білім мен тәрбие берудегі маңыздылығына жоғары баға берді.
#келешекмектептері @aktau.bilim_bolimi @aktau_oku_adistemelik_ortaligi
