10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру және ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жетілдіру мақсатында @istudy_aktau дайындық орталығының арнайы мамандары кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға ҰБТ жүйесіндегі өзгерістер, дайындықтың тиімді жолдары, жаңа мүмкіндіктер мен білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы емтиханға сапалы дайындалу бойынша өз кеңестерімен бөлісті.
