Skip to content

10.04.2026 күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және…

10.04.2026 күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылығы негізінде ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара барысында ата-аналар мектептің оқу үдерісімен танысып, білім беру бағыттары мен жетістіктері жөнінде ақпарат алды. Оқушылардың шығармашылық өнері ұсынылып, мектеп директоры алдағы жоспарлармен бөлісті.

Сондай-ақ, оқушылардың психологиялық ахуалы, құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды.Кездесу соңында ата-аналармен кері байланыс орнатылып, маңызды сұрақтарға жауап берілді.

Ашық есік күні өзара түсіністік пен серіктестікті нығайтуға ықпал етті 🤝

@aktau.bilim_bolimi #адалазаматбіртұтастәрбие #келешекмектептері