Skip to content

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 4 «Б»…

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 4 «Б» сыныбында «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға ұлттар арасындағы достық пен бірліктің маңызын түсіндіру, әртүрлі мәдениеттерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.

Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдері туралы мәліметтер алып, олардың салт-дәстүрлері мен мәдениетімен танысты және өз өнерлерін көрсетті.

#тәрбиесағаты #адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы