1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 🇰🇿
Осы мерекеге орай 1 «А» сынып оқушылары сыныптық тәрбие сағатын ерекше көңіл-күймен өткізіп, Достық үйіне саяхат жасады. 🤍
Мұндағы әр жәдігер — бір тарих, әр бөлме — бір әлем. Балалар еліміздің көпұлтты мәдениетімен танысып, бірлік пен татулықтың маңызын терең сезінді.
Қазақстанның ең үлкен байлығы — оның ынтымағы мен бірлігінде! 🤝✨
