Skip to content

1 мамыр – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан…

1 мамыр – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1 «В» сыныбында «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға ұлттар арасындағы достықты, татулық пен бірлікті насихаттау, әр адамның ерекшелігін құрметтеуге тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері туралы мәліметтер алып, олардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты.

Оқушылар тақырыпқа байланысты тақпақтар айтып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, қызықты ойындар мен сергіту сәттері ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты.

Өткізген: Матаева А.А.

#адалазаматбіртұтастәрбие #бірлік #келешекмектептері⚜️