🚸 Жол ережесін сақтау – қауіпсіздіктің кепілі!
Бүгін мектебімізде оқушыларға жол қозғалысы ережелері таныстырылып, жолда жүру мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Шара барысында балаларға жаяу жүргіншілердің негізгі міндеттері, бағдаршам белгілері мен жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Әрбір бала жол ережесін сақтай білсе – қауіпсіз болашаққа сенімді қадам жасаймыз!


