Skip to content

📚 «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі Бүгін 29…

📚 «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі

Бүгін 29 қазан 2025 жылы, мектебімізде 2–7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.

Бұл байқаудың басты мақсаты – бастауыш және орта буындағы оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын шыңдау және ғылымға қызығушылығын арттыру болып табылады.

Іс-шара барысында жас зерттеушілер өздерінің жобаларын қорғап, таңдаған тақырыптары бойынша тың идеяларымен бөлісті. Әрбір жұмыс оқушының ізденісін, жауапкершілігін және ғылыми көзқарасын танытты.

#келешекмектептері @aktau.bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *