Skip to content

«ПРОКУРОР ТӘРБИЕСІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПРОКУРОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ. Прокуратура органдарымен оқушылардың…

«ПРОКУРОР ТӘРБИЕСІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПРОКУРОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ.

Прокуратура органдарымен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Прокурор тәрбиесі» жобасы аясында
мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына Маңғыстау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокурорлары Н.Бектұров, О.Айтуар кездесу ұйымдастырып, прокурорлық сағат өткізді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында оқушыларды қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық құқықтарымен таныстырып, өңірде орын алып жатқан жағдайлардың салдары айтылды. Кездесу барысында:

Оқушылар арасындағы бұзақылық және жаппай төбелес.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында бұзақылық, топтық соның ішінде қыз балалардың төбелестерінің алдын алу;

синтетикалық есірткілер мен электронды темекілерді сатуға және қолдануға тиым салу;
оқушылар арасындағы әлімжеттік және ақша талап ету, бопсалауға жол бермеу;

суицидке жол бермеу;

азарттық ойындар мен лудомания. Әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып жүрген әр-түрлі зиянды әдеттерге ермеу, азарттық ойындардың апарар қасіреті;

теріс діни ағымдар, терроризм мен экстремизмнің алдын алу;

түнгі көше қаупі, зорлық-зомбылықтың алдын алу сынды тәрбиелік-құқықтық кеңестер берілді.

#Меніңқұқығым
#Құқықбұзушылықтыңалдыналу
#Прокурорлықсағат
#33мектепАқтау

@mangystau_obl_bilim_baskarmasy @aktau_bilim_bolimi @aktau_oku_adistemelik_ortaligi @prokuratura.mangystau

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *