Мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
