Skip to content

Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалардың қауіпсіздігін…

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегі жайттарға назар аударуларыңызды сұраймыз:

– Балалардың жалдамалы пәтерлерде, қонақ үйлерде немесе ересектердің бақылауынсыз ортада мерекелеуіне жол бермеу;
– Кешкі және түнгі уақытта балалардың қараусыз жүруін қадағалау;
– Бейтаныс адамдармен бірге мерекелік шараларға қатысуының алдын алу;
– Отшашулар мен пиротехникалық құралдарды пайдалануға рұқсат бермеу;
– Алкогольді ішімдіктер мен өзге де зиянды заттардан қатаң сақтау;
– Қоғамдық тәртіпке қайшы, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болуын қамтамасыз ету.

Балалардың амандығы – ортақ жауапкершілік. Осыған байланысты ата-аналардан балаларының мерекені отбасылық, қауіпсіз әрі бақылауда өтетін ортада өткізуіне жағдай жасауларын сұраймыз. Сонымен қатар түнгі уақыттағы рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Мектеп ұжымы тарапынан бақылау шаралары алдағы уақытта да жүргізілетінін ескертеміз.

Мектеп директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Аяпова Г.Ж.

@birtutas_tarbie2024
#адал_азамат
#адал_азамат_маңғыстау
@oqu_agartu_ministrligi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik

Leave a Reply