Құрметті №33 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары!
9 “А” сыныбы сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің еңбектеріңіз – біздің болашағымыздың берік іргетасы. Әрбір сабағыңыз бізге білім ғана емес, үлкен тәрбие, үлгі-өнеге береді.
Біз сіздердің қажырлы еңбектеріңізді, сабырларыңызды және мейірімдеріңізді жоғары бағалаймыз.
Алдағы күндеріңіз қуанышқа, еңбектеріңіз жеміске толы болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шәкірттеріңізге биік жетістіктер тілейміз!
Ізгі тілекпен: 9 “А” сынып оқушылары 🌸✨
