🟥 Кезектен тыс сынып жетекшілер жиналысы
Бүгін мектеп директоры Б.Н. Майрамовтың қатысуымен кезектен тыс сынып жетекшілер жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында келесі мәселелер талқыланды:
1️⃣ 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралардың мазмұны мен өткізу тәртібі. Мерекелік сынып сағаттары, челлендждер, танымдық шаралар және патриоттық бағыттағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру міндеттелді.
2️⃣ Жаңа жыл мерекесіне байланысты мектеп тарапынан бірыңғай ұстаным белгіленді:
– Оқушылардан мектеп тарапынан ақша жинамау
– Жаңа жыл мерекесін әр сыныпта сынып сағаты немесе тәрбие сағаты форматында, артық шығынсыз, тәрбиелік мәнге сай өткізу тапсырылды.
Сондай-ақ сынып жетекшілеріне мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруда оқушы қауіпсіздігі, бірізділік және педагогикалық этика талаптарын сақтау туралы ескертілді.




