Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 9 «Б» сыныбында «Тәуелсіздік – ел тағдыры, ұрпақ аманаты» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🇰🇿
Сынып сағаты Мемлекеттік Әнұранмен басталып, тәуелсіздік жылдарындағы маңызды тарихи кезеңдер туралы ақпарат берілді.
Оқушылар Желтоқсан оқиғасының маңызы, ел жетістіктері мен тәуелсіз Қазақстанның болашағы жөнінде өз ойларымен бөлісті.
