Қалалық кезеңге өткен ұстаздарымызды құттықтаймыз! 🎓
13.10.2025 күні өткен «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиада барысында ұстаздар өз кәсіби білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдеріміз қалалық кезеңге жолдама алды. Бұл — олардың еңбегі мен біліктілігінің айқын көрінісі.
Ұстаздарымызға алдағы қалалық кезеңде сәттілік, жаңа жетістіктер мен жеңіс тілейміз! 💚

