Халықтың ұлт тәрбиесі мен салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Даналық мектебі» жобасы аясында «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты дөңгелек үстел өткізілді. ✨
Іс-шара барысында қатысушылар әжелермен еркін сұхбат құрып, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін тыңдады. Сонымен қатар, әжелер қолөнер бұйымдарын таныстырып, ою-өрнек ойып, өз өнерлерін көрсетті.
Шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздар ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мәні туралы әсерлі әңгімелер тыңдап, жылы жүздесуге куә болды.
Кеш соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, әжелерге алғыс білдірілді.
#келешекмектептері #адалазаматбіртұтастәрбие @aktau.bilim_bolimi #даналық_мектебі
