Бүгін мектепте ұлдармен арнайы жиналыс өтті.
Жиналыста кәмелетке толмағандар арасындағы топтық төбелестер, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оқушылардың мектепке дәлелсіз себептермен келмей қалуы, буллинг пен кибербуллинг тақырыптары талқыланды.
Арнайы мамандар оқушыларға тәртіп ережелерін сақтаудың, бір-біріне құрметпен қараудың маңызы туралы түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған әңгіме жүргізді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында тәртіпті нығайту, жағымсыз әрекеттерге жол бермеу және оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу болды.




