Бүгін мектебіміздің кітапханасында «Жастардың кітап оқымауына ғаламтор кінәлі ме?» тақырыбында маңызды пікірсайыс турнирі өткізілді.
Шарамыздың мәртебесін арттырып, оқушыларымыздың білімге, кітапқа деген қызығушылығын қолдау мақсатында
Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысып, өздерінің құнды пікірлері мен тәжірибелерімен бөлісті.
Қонақтарымыз жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, рухани дамуды нығайту, кітап оқудың маңызын арттыру бағытында терең ойлар айтып, пікірсайысқа қатысушыларға үлкен мотивация берді.
Пікірсайыс барысында Үкімет және Оппозиция командалары өз ұстанымдарын дәлелдермен қорғап, сыни ойлау, жүйелі сөйлеу, ақпаратты талдау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Шара соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, үздік қатысушылар марапатталды.
Мектебіміз атынан Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының құрметті қонақтарына
уақыт бөліп қатысқандары үшін шынайы алғыс білдіреміз.
#келешекмектептері #пікірсайыс