Бүгін мектебімізде сынып жетекшілерімен жоспарлы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқу жылының бірінші тоқсанына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы уақыттағы міндеттер айқындалды.✅
Сынып жетекшілері оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен үлгеріміне тоқталып, әр сыныптағы тәртіп пен тәрбие мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығы айтылып, алдағы ата-аналар жиналысының мазмұны мен бағыттары талқыланды.
Мақсатымыз: жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында бірлесе жұмыс істеу. 🫱🏼🫲🏾
