Бүгін мектебімізде ерекше шара – «Библиофреш» өтті.
Оқушыларға «Алтын қазына» атты кітаптар топтамасы таныстырылып, шығармалар мазмұны қызықты ойындар арқылы жеткізілді.
🔑 Жұмбақ шешіп, сұрақтарға жауап берген балаларға «сандықтың кілті» табысталды. Бұл олардың кітап әлеміне деген қызығушылығын арттырып, ізденіске жетеледі.
🌟 Шараның басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, рухани байлықты арттыру және әдебиетке сүйіспеншілікті қалыптастыру.
