Skip to content

Бүгін 7 «Ә» сыныбымен «Мамандықтар әлемі және менің болашағым» тақырыбында…

Бүгін 7 «Ә» сыныбымен «Мамандықтар әлемі және менің болашағым» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Сабақтың негізгі мақсаты — оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, болашақта өз жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және қызығушылықтарын анықтау болды.

Сабақ барысында оқушылармен мамандықтың қыр-сыры, әр саланың маңызы, таңдау кезінде ескерілетін факторлар туралы сұрақ-жауап жұмысы жүргізілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, түрлі мамандықтар жайлы пікір алмасты.

#келешекмектептері

Leave a Reply