Бүгін 4 «А» сыныбы мектептегі түрлі мамандықтармен танысу мақсатында қызықты саяхат жасады. Алдымен оқушылар кітапханаға барды.
Кітапханашы балаларға пайдалы кітаптарды қалай таңдау керектігі және қандай жанрларды оқу маңызды екені туралы құнды мәлімет берді.
Одан кейін оқушылар мектеп медпунктіне ат басын бұрып, медицина қызметкерлерінің міндеттерімен танысты. Соңында асханаға барып, аспаздардың күнделікті еңбегі мен тамақтың қалай дайындалатынын көріп, түсінік алды.
Бұл танысу саяхаты оқушыларға мектептегі әр мамандықтың маңызын тереңірек түсінуге көмектесті.
