📖 Бүгін 1-сынып оқушылары үшін жүрекке жылу сыйлаған ерекше күн болды. «Рахмет саған, Әліппе!» атты қоштасу кеші ұйымдастырылды.
1 «Ғ, Д, Ж, З, И, Е» сыныптарының оқушылары алғашқы оқулығымен қоштасып, білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдарын мақтанышпен көрсетті. 🌟
Кеш барысында әндер шырқалып, тақпақтар оқылып, кішкентай жүректердегі қуаныш пен толқыныс сахна төрінде айқын сезілді. Балғын бүлдіршіндердің әрбір өнері көрермендерге шаттық сыйлады.
Бұл мерекелік кеш — үлкен білім жолының бастауы,
ал Әліппе — сол жолдағы ең алғашқы, ең қымбат серік.
Әліппемен қоштасқан жас оқушыларға алда тек сәттілік, биік армандар мен жарқын жетістіктер тілейміз!
#келешекмектептері #әліппеменқоштасу @aktau.bilim_bolimi
