Skip to content

🎓 Білім. Ізденіс. Жетістік Осы атаумен өтіп жатқан магистрлер апталығы…

🎓 Білім. Ізденіс. Жетістік

Осы атаумен өтіп жатқан магистрлер апталығы аясында 7-сынып оқушылары арасында «Миллион кімге бұйырады?» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, жылдам әрі нақты жауап беруде белсенділік танытты. Әр кезең ерекше тартысқа толы болып, қатысушылар тапқырлық пен білімнің арқасында жоғары нәтижелерге жетуге тырысты.

Мұндай шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ізденіске, алға ұмтылуға шабыт береді. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз! 👏✨

@aktau.bilim_bolimi #келешекмектептері