Бастауыш сынып оқушыларында мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру мақсатында 1-сыныптарда танымдық-тәрбиелік жұмыс жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға «Мамандық деген не?» деген сұрақ қойылып, мамандық – адамның еңбек ету арқылы қоғамға пайда келтіретін ісі екені түсіндірілді.
Сабақ барысында оқушылар қандай маман иелерін білетіндері туралы белсенді түрде жауап берді. Олар мұғалім, дәрігер, полицей, жүргізуші, аспаз, құрылысшы, өрт сөндіруші, сатушы сияқты мамандықтарды атап өтті. Әр мамандықтың қоғамдағы маңызы қысқаша түсіндіріліп, олардың адамдарға қалай көмектесетіні айтылды.
