🇰🇿 Балалар кітапханасы аясында “Менің Отаным – Қазақстан” атты патриоттық шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ел тарихы мен тәуелсіздіктің маңызын ұғындыру болды.
Оқушыларымыз “Тәуелсіздік жолы” атты әсерлі көрініс қойды. Сонымен қатар викторина мен қызықты сұрақтар арқылы еліміздің рәміздері мен тарихи деректерін еске түсірді.
Іс-шараға Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Аллаберген Қонарбаев арнайы қонақ болып қатысып, оқушыларға патриоттық тәрбиемен қатар тың ақпараттарымен бөлісті.
