👨👩👧👦 Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасына сәйкес 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған 2-сабақ өткізілді.
🔐 Тақырыбы:
Цифрлық қауіпсіздік және онлайн-ортада баланы қорғау
🎯 Мақсаты:
Онлайн ортада балаларға төнетін қауіп-қатерлер туралы ата-аналардың хабардарлығын арттыру және интернеттегі зорлық-зомбылықтан қорғау дағдыларын қалыптастыру.
📌 Сабақ барысында:
• Кибербуллинг, қудалау, манипуляция сияқты интернеттегі зорлық-зомбылық түрлері талқыланды;
• Баланың онлайн мінез-құлқындағы алаңдатарлық белгілерді анықтау жолдары қарастырылды;
• Жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік негіздері түсіндірілді;
• Баламен интернеттегі тәуекелдер туралы сенімді қарым-қатынас орнату жолдары үйретілді.
✨ Баланың қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі!
Цифрлық ортада бірге қорғайық!
