📖 «Ақиық өлке, алғи-жыр» жыр керуені
Бүгін қасиетті Маңғыстау өңірінің ақындары — Көмек Ыбырайұлы, Ерекен Қорабайұлы, Маусымжан Диханбаева, Шынар Кендін, Анар Шамшадинова, Жұмагүл Мұрсал, Нұрсұлтан Есенғалиев, Бекзат Хожамедов және сөз бен сазды ұлықтап жүрген өнерпаздар — Рафхат Ізден мен Айгүл Құбаш «Ақиық өлке, алғи-жыр» атты жыр керуенімен мектебімізге ат басын бұрып, қоңыр күздің бір күнін әдемі әнмен, әсерлі өлеңмен өрнектеді. "JasArt" жас қаламгер жобасы аясында ұйымдастырылған бұл өнер кешінде ұстаздар ерекше рухани шабыт алып, жыр құдіретін сезініп үлгерді.
Мектеп директоры Бексұлтан Нұрмұханұлы сөз өнерін дәріптеп, жүрекке жылулық пен сұлулық сыйлаған ақындарға, өнерпаздарға шынайы ризашылығын білдірді. Әдеби-сазды кешті Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театр режиссері Әлия Исаева жүргізіп, өнер мен руханият бағытындағы іс-шараларымен, жоспарларымнен таныстырды. Ақындардың жыр шумақтарынан кейін, әншілердің ән-шашуынан кейін мектебіміздің 11-сынып оқушысы Нұрбаулы Абай Жұмагүл Мұрсалдың сөзіне жазылған Рафхат Ізденнің "Келешек мектебі" әнін шырқады. Өлең кеші, өнер көші көрермендерді, құрметті қонақтарды, аяулы ұстаздарды күнделікті күйбең көлеңкесінен көтеріп шығып, қиялға қанат бітіріп, рухты оятты деген ойдамыз.
Маңғыстау рухын асқақтатқан жырларыңыз мәңгілік жаңғырып, тыңдарман жүрегінде сақтала бергей! Жыр керуенінің бұйдасы үзбесін!
#келешекмектептері #маңғыстау #маңғыстауақындары
