Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні мектебімізге ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келді. Жаңадан ашылған жайлы мектептің жай-жапсарын көріп, оқу кабинеттерін аралап шыққан Ғани Бектайұлы мектеп мұғалімдерімен кездесіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында жасалатын жаңа жұмыстар мен бағдарламалар жайлы да айтып өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде ауқымды «Жайлы мектеп» жобасы іске асырылып жатыр. Бұл-еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тең, қауіпсіз әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жоба. Республикамыздағы барлық мектеп жаңа заманауи стандарттарға сай болып, қолжетімді білім жүйесін қалыптастыруы керек. Яғни, республикамызда 8000 мектеп болатын болса, соның бәрі жайлы мектептердей жайнап, жарқырап тұруы тиіс», – деді министр.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy @aktau_akimdigi @aktau.bilim_bolimi
#жайлымектеп #маңғыстаубілімбасқармасы #маңғыстау













