Skip to content

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебіміздің 1–4…

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебіміздің 1–4 сынып оқушыларына арналған «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік шара барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, көңілді әндер шырқалып, әсем билер орындалды. Балалар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді. Әрбір бүлдіршіннің жүзінен шаттық пен қуанышты көруге болды.

Шара соңында оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылып, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы бұл күннің басты көрінісіне айналды.

#балалықшақ #балаларкүні #1маусымбалалардықорғаукүні @aktau.bilim_bolimi