Skip to content

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде әлеуметтік…

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде әлеуметтік желілерде «Менің арманым – менің мүмкіндігім!» және «Сендер – біздің болашағымыз!» челлендждері ұйымдастырылды.

Оқушылар өз армандары мен жетістіктері туралы мотивациялық бейнероликтер түсіріп, құрдастарына жігер беретін ойларымен бөлісті. Сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздар балаларға ақжарма тілектерін арнап, қолдау сөздерін жеткізді. Шараның мақсаты – балалардың арманға ұмтылысын қолдап, олардың болашаққа деген сенімін нығайту.

#келешекмектептері
#1маусымбалалардықорғаукүні @aktau.bilim_bolimi