🎗️ Бүгін мектебімізде көп жылғы қажырлы еңбегімен шәкірт тәрбиелеп, ұжым арасында зор құрметке ие болған ардақты ұстаз Көптілеуова Майрагүл апайымызды құрметті зейнет демалысына шығарып салуға арналған «Еңбекпен өрілген өмір» атты салтанатты кеш өтті.
🎗️ Кеш барысында әріптестер жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздық жолдағы елеулі еңбегі мен білім беру саласына қосқан үлесіне алғыстарын жеткізді. Майрагүл апайымыздың кәсіби шеберлігі, адамгершілік қасиеті мен өскелең ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді.
#зейнетекер #кеш
