3 «Ғ» сыныбында «Ұлы Отан қорғаушылар күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Отанды қорғаудың маңызын түсіндіру, батырларға құрмет сезімін қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен танысып, батырлар ерлігін еске алды. Өлеңдер оқылып, шағын көріністер көрсетілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Іс-шара тәрбиелік мәні зор, әсерлі түрде өтті.
