3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы (ҚШИКҚ) арасындаынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті.
Құжатқа Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов пен ҚШИКҚ Басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков қол қойды.
Іс-шараға Бас прокуратураның, Сыртқы істер министрлігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның басшылығы, сондай-ақ ҚШИКҚ Басқармасы мен Атқарушы комитетінің мүшелері қатысты.
Берік Асылов өз сөзінде инвестиция тарту ұлттық маңызы бар мәселе екенін атап өтіп, прокуратура органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде құқық бұзушылықтарға әрекет етуден бизнестегі проблемалардың жүйелі алдын алуға көшуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты.
Соңғы үш жылда кәсіпкерлерге қатысты тіркелген қылмыстық істер саны 4 есеге немесе 71,5%-ға қысқарды.
Ағымдағы жылы 2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда бизнеске кедергі келтіру фактілері бойынша әкімшілік өндірістер саны 3 есеге (16-дан 50-ге дейін) өсті (ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы).



