Skip to content

10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында…

10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында 8-сабақ өтті 👨‍👩‍👧‍👦

Сабақ барысында ата-аналармен отбасылық дәстүрлер мен құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы кеңінен талқыланды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың балаларын болашақ отбасылық өмірге дайындау және рефлексия жасау дағдыларын дамыту болды.

Кездесу барысында:
🔹 баланың болашақ отбасылық өміріне қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жолдары қарастырылды;
🔹 дәстүрлі тәрбие тәжірибесін жаңарту мәселелері қозғалды;
🔹 «жауапты әке болу» ұғымы түсіндірілді;
🔹 ата-аналардың өз мінез-құлқын саралау арқылы бала тәрбиесіне оң әсер ету жолдары талқыланды.

Сабақта ұлттық құндылықтарға ерекше мән беріліп, ата-аналық парыз, сенім мен ашықтық, жауапкершілік, мейірімділік, эмпатия және ынтымақтастық сияқты маңызды қасиеттер сөз болды.

#адалазаматбіртұтастәрбие #апқо @aktau.bilim_bolimi