Skip to content

10 сәуір күні №33 мектептің акт залында 11-сынып оқушылары мен…

10 сәуір күні №33 мектептің акт залында 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған «ҰБТ-2026: Бітіруші түлектерге бағыт-бағдар және ата-анамен бірлескен жұмыс» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.

Кездесу барысында 2026 жылғы ҰБТ-ның өткізілу тәртібі, енгізілген өзгерістер, дайындық жұмыстары және ата-ана мен мектептің бірлескен әрекетінің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қаңтар және наурыз айларындағы тест нәтижелері сараланып, оқушылардың білім деңгейі талқыланды.

Спикерлер оқушыларға нақты бағыт-бағдар беріп, алдағы сынға жауапкершілікпен дайындалудың жолдарын ұсынды.
Осындай мазмұнды кездесулер – түлектердің сенімді қадам жасап, болашаққа нық бағыт алуына үлкен қолдау 💙

@aktau.bilim_bolimi #ұбт #болашаққақадам #келешекмектептері