Skip to content

1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр тақырыбындағы…

1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр тақырыбындағы 8-сабақ жоғары деңгейде өткізілді.

Сабақ барысында ата-аналармен отбасылық дәстүрдің маңыздылығы, отбасы ішіндегі өзара сыйластық пен сенім, сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынас кеңінен талқыланды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, ата-аналарға отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру мен сақтаудың тиімді жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында пайдалы тәжірибелермен бөлісу алаңы қалыптасты.

Іс-шара нәтижесінде ата-аналардың отбасы құндылықтарына деген көзқарасы артып, ұрпақ сабақтастығын жалғастырудың маңыздылығы айқындалды.

#апқо #адалазаматбіртұтастәрбие @aktau.bilim_bolimi #келешекмектептері #болашаққақадам #1-4сынып