Skip to content

Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында «Менің құқығым, менің…

Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында «Менің құқығым, менің міндетім» атты заң қызметкерлерімен кездесу өтті. Аталған іс-шараға мектебіміздің 9–10 сынып оқушылары қатысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы маңызды мәліметтер алды.

Кездесу барысында заң саласының мамандары оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.

Кездесу оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңға деген құрметін арттыруға оң әсерін тигізді.

#келешекмектептері #кітапхана @aktau.bilim_bolimi