Skip to content

🟢 «Келешек мектебі: цифрландыру, құндылық және сапа үйлесімі» тақырыбында №4…

🟢 «Келешек мектебі: цифрландыру, құндылық және сапа үйлесімі» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті.

Кеңес барысында білім беру үдерісін жетілдіру, заманауи талаптарға сай цифрландыруды дамыту және сапалы білім мен тәрбиені үйлестіру бағытында маңызды мәселелер қарастырылды. Әрбір баяндамашы өз саласы бойынша мазмұнды ой қозғап, нақты ұсыныстарымен бөлісті.

📌 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
• Мектеп дамуының стратегиялық бағыттары және KPI көрсеткіштері
• Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу
• Аралық емтихан, қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары
• ҰБТ нәтижелерін талдау
• III оқу тоқсанының қорытындысы
• Тәрбие жұмыстарының орындалуы
• Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары
• Сабаққа қатысу мониторингі

Кеңес қорытындысы бойынша күн тәртібінде қаралған барлық мәселелерге қаулы қабылданып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалып, сапалы білім беруді арттыруға бағыттар берілді.

#педагогикалықкеңес #келешекмектептері #адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы @aktau.bilim_bolimi