№33 мектебімізде “Дәстүр думаны – Наурыз тойы” мерекесі ерекше сән-салтанатымен, жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлыстың ұлы күнін қарсы алған оқушылар мен ұстаздар ұлттық нақыштағы әсем қазақы киім киіп, мерекенің ажарын аша түсті.
Мереке барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері насихатталып, ұлттық құндылықтар дәріптелді. Әсем безендірілген көрме, жайылған ақ дастархан, ұлттық тағамдар мен көтеріңкі көңіл-күй бұл күннің шырайын кіргізді. Әрбір қатысушының бойынан қазақы болмыс пен ұлттық рух айқын сезілді.
Береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың символына айналған бұл Наурыз тойы – баршаға шаттық сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырған ерекше думан болды.
#келешекмектептері #наурыз #думан @mangystau_obl_bilim_baskarmasy @aktau.bilim_bolimi
