🔶 4-сынып оқушылары Наурыз мерекесі қарсаңында ерекше мерекелік шара ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар ұлттық дәстүрді дәріптеп, көрініс қойып, әсем ән айтып, мың бұралған би биледі. Сонымен қатар, домбыраның күмбірлеген үні кештің көркін аша түсті.
Балалардың өнері мен белсенділігі көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мереке жоғары деңгейде өтті. Оқушыларды дайындаған сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз!
Ұлттық құндылықтарды насихаттаған әсерлі де мазмұнды кеш болды.
#келешекмектептері #наурыз #4сынып @aktau.bilim_bolimi
