📌 №33 жалпы білім беретін мектепте 10–11-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған «2025–2026 оқу жылындағы ҰБТ-ның ерекшеліктері» атты жиналыс өтті.
Бұл жиынға Қалалық оқу-әдістемелік орталығының директоры, арнайы шақырылған спикер – Сәндігүл Махина Мұратқызы қатысты. Ол қатысушыларға ұлттық бірыңғай тестілеудің барлық маңызды қырларын жан-жақты түсіндірді.
Жиналыс барысында тестілеуге кіргізу тәртібі, ҰБТ форматы, апелляцияға өтініш беру мүмкіндіктері, шекті балл мен конкурсқа қатысу талаптары сияқты маңызды мәселелер қарастырылды.
Ата-аналар мен оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, алдағы сынаққа дайындықтың бағыттарын айқындады. Бұл кездесудің мақсаты – түлектердің жауапкершілігін арттырып, оларға нақты әрі сенімді ақпарат беру.
Осындай мазмұнды шаралар оқушыларымыздың болашаққа сеніммен қадам басуына зор үлес қосары анық.
#келешекмектептері #актаубілімбөлімі
@aktau.bilim_bolimi
