Skip to content

2025 жылдың 23 қыркүйек күні мектебіміздің акт залында 11-сынып оқушыларына…

2025 жылдың 23 қыркүйек күні мектебіміздің акт залында 11-сынып оқушыларына арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара барысында оқушыларға «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) бірыңғай цифрлық платформасын тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.

Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды мектептен кейінгі кезеңде жұмыс іздеу және мамандық таңдау процесінде цифрлық мүмкіндіктерді дұрыс қолдануға үйрету. Спикерлер платформа арқылы қалай тіркелуге болатынын, бос жұмыс орындарын іздеу жолдарын, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіби курстарға (маникюр, тігіншілік, құрылыс және т.б.) онлайн түрде қатысу мүмкіндіктерін көрсетті.

Бұл платформа еңбек нарығына енді қадам басқалы тұрған түлектер үшін үлкен көмек бола алатыны, уақыт пен ресурсты үнемдей отырып, нақты мамандық иесі атануға жол ашатыны айтылды.

Кездесу оқушылардың қызығушылығын туғызып, өз болашақтарын жоспарлауға бағыт-бағдар берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *