2 “Д” сыныбы
Сынып жетекшісі: Еділова Айнұр
Қасиетті айда «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында 2 “Д” сыныбы игі іске белсене қатысып, мейірім мен жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Кішкентай болса да жүректері ізгілікке толы бүлдіршіндер шынайы қамқорлықтың мәнін әрекеттері арқылы дәлелдей білді.
Әрбір жасалған жақсылық – олардың таза ықыласы мен тәрбиесінің айқын көрінісі. Осындай игі бастамаға бағыт-бағдар берген сынып жетекшісі Еділова Айнұрға және қолдау білдірген ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
#адалазаматбіртұтастәрбие
