11 «А» сыныбында психолог және кәсіби маманның бірлескен сабағы өткізілді.
Тақырыбы: «Өмірлік жолды табу: Мамандық таңдауы + ҰБТ жетістігі»
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру және алдағы ҰБТ-ға психологиялық әрі ақпараттық қолдау көрсету.
Кәсіби маман тарапынан оқушыларға қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар, еңбек нарығындағы өзгерістер, түрлі университеттер мен олардың білім беру бағдарламалары жөнінде маңызды мағлұмат берілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнына түсу жолдары мен мамандық таңдау кезінде ескерілетін негізгі факторлар түсіндірілді.
Психолог оқушылармен мотивациялық тренинг өткізіп, өзін-өзі тану, жеке қабілеттерді анықтау, мақсат қою және оны жүзеге асыру жолдарына бағытталған жаттығулар орындатты. Тренинг барысында оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтар қойып, маманмен еркін пікір алмасты.
#келешекмектептері
