10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні онкүндігі қарсаңында
мектебімізде «Қамқор ана, қамқор әке» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті.
Мақсаты:
• Отбасы тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлін айқындау;
• Баланың жан-жақты дамуына ата-ана қамқорлығының әсерін түсіндіру;
• Ата-аналардың тәрбие ісіне белсенді қатысуына жағдай жасау.
Ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты өмірлік жағдайлар ұсынылып, пікірталас ұйымдастырылды. Баланың тұлға болып қалыптасуында ата-ананың махаббаты, қамқорлығы, сенімі ең басты рөл атқаратыны атап өтілді.
